"Зорлық- зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ" науқаны және ЖҚТБ-ға қарсы күрес апталығы аясында кітапханашы Омарова Г.Б. “ЖҚТБ - ғасыр дерті” атты көрме ұйымдастырды. Кітапхана оқырмандары көрмеге барып, ақпараттарды қызыға қабылдап, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар мектеп медбикесі Нуркина М.Ж. оқушылармен ЖҚТБ дерті жайында бейнеролик, презентация ұсынып, дәріс жүргізді.