Бидайық орта мектебінің жанындағы “Қарлығыш“ шағын орталығында 8 наурыз мерекесіне орай “Шуағын шашқан - аялы алақан!” атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер аналарына, әжелеріне арнап тақпақтар, ән шашу, түрлі ойындар, билерін ұсынды. Бүлдіршіндер, аналарына өз қолдарынан жасалған сыйлықтарын сыйлады.