Бидаиық орта мектебінін қазан айының 19-күні психологиялық «Мен мықты болсам - Қазақстан да мықты» онкүндігі аясында 7 сыныпта «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Тәртіп» сөзіне кластер жасап. «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында бейнеролик тамашалап достықта болуға келісті.
Іс-шараны өткізгендер әлеуметтік педагог К.С Искакова және мектеп психологі З.М. Тлеукабылова