Бүгін 11-қазан аяулы қыздар күні болып аталып өтті. Арнайы құрылған жоспар аясында қыз балалармен "Қыздың ұяты шешеге..." атты жоғары сыныптар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және ұлттық құндылығымызды дәріптеу тренингі мектеп психологі Тлеукабылова З.М ұйымдастыруымен өтті, сонымен қатар музыка жетекшісі Даирова Г.А барлық нәзік жандыларға "Көңілді би" музыкалық минутын сыйласа, медбике Нуркина М.Ж ұйымдастыруымен "Пайдалы кеңестер" үзілісі өтті.Аға тәлімгер Бельгубаева А.Х жетекшілігімен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы және ер балалар атынан қыздарымызға құттықтау ашық хаттарын тапсырды.