Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Мектеп медбикесі С.Д. Абишева "Қызылша және менингит аурулары" атты тақырыбында магниттік мектеп оқушыларымен дәріс сабақ

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні мектеп медбикесі С.Д. Абишева "Қызылша және менингит аурулары" атты тақырыбында магниттік мектеп оқушыларымен дәріс сабақ өткізді.
Мақсаты: оқушыларға инфекция және инфекциялық аурулар туралы, инфекциялық аурумен ауыратын науқас күтімі жайлы жалпы түсінік беру. 
Медбике қызылша ауруының еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы, қызылшаның белгілері мен алдын алу шаралары туралы нақты мәлімет беріп, қойған сұрақтарға жауап берді.
Қызылша (лат. Morbilli) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулезауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек.
Менингит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын, өте майда микробтар – менигококктармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру. Алдын алу шаралары: менигиттің кейбір түрлерімен (менингококкты менигит, b типті геммофильді таяқшамен шақырылатын, пневмококк және паротит вирусымен шақырылған түрлері) Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жасалатын алдын ала, доспарлы түрде жасалатын екпелермен сақтануға болады.
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь