Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Ұлы даланың жеті қыры»

Аудандық білім бөлімінен келіп түскен хат негізінде Чернигов орта мектебінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша 9-10 cыныптар арасында шығарма
сайысы өткізіліп, ең үздік деп танылған екі оқушыға апталық жиылыста салтанатты түрде мақтау қағазы тапсырылды. Жалпы шығарма сайысына 6 оқушы қатысып, 9 сыныптар арасында "Алтын адам" тақырыбы бойынша Оспан Меруерт ие болса, 10 сыныптар арсында " Ұлы Жібек жолы тақырыбы аясында Аманжолова Бағлан ие болды.

Солтүстік Қазақстан облысы
Уалиханов ауданы
Чернигов орта мектебінің 
9а сынып оқушысы Оспан Меруерт
Мұғалімі: Садыкова А.Ж.

Шығарма
Алтын адам

Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.
Білмейміз саудагер ме, қол басы ма?
Сараң ба, алтын үшін қалтыраған?
Сары алтынның белгілі нарқы маған,
Қайда, бірақ алтыннан артық адам?!
Кім болды екен алтынмен аптайтындай,
Алтын жиған шонжар ма, жатпай-тұрмай...
Мұқағали Мақатаев

Міне, мен көк байрағы көгінде желбіреген азат даламның асқақ үнді баласымын. «Мен-қазақпын!»-деген асыл сөз көкірегімді кернеп, серпілер сәт келіп жетті. 
Асыл елімнің азып-тозып қан жұтқан қаралы күндері жүрегіме шаншудай қадалса, ал қазіргі шат-шадыман қуанышты өмір жүрегіме қуаныш нұрын себеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған еліміз жылдан-жылға жанданып, жаңарып жайнай түсуде және де алдыңғы қатарлы елдердің құрамына еніп, қазіргі кезде қазақ елін танымайтын, білмейтін адам жоқ деуге болады. Қазақ елі –аз уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізуде.
Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп отыр. 
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға терең де, толымды жауап беретін тарихымызды жүйелі түсінуіміз қажет. Мақаладағы көне тарихымызға қатысты негізгі жобалар Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді, – деген ол осы бағыттағы жұмыстарды жетілдірудің жаңа деңгейін айқындаған бастама деп атады.
Соның ішінде алтын адамға тоқталсақ. Алтын адам – қазақ тарихының феномені. Есік қорғанынан табылған мұра ел тарихына теңдессіз үлес қосты. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы Алтын адам феноменін ерекше айтып, тарихи маңызын терең зерттеуді тапсырған еді.
Тарихшылар Алтын адам жас көсем әскербасы болған деген дерек келтіреді. Тағы бір мәліметте сақ көсемінің ұлы дейді. Қалай десек те шындық тарих қойнауында қалғаны рас. Бірақ баға жетпес бұл құндылық сақ дәуірінің өзінде ақ қолөнердің жоғары дәлелі. Ал жауынгердің киімі мен қару-жарағының еш бүлінбей біздің дәуірімізге дейін сақталуы сол замандағы шеберлердің металды жетік меңгергенін сөзсіз айғақтайды.
«Алтын адам» түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашты. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
Алтын адам дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Біріншіден, сол дәуірдегі қолөнердің дамығанын көрдік. Екіншіден, қойнауы қазынаға бай еліміздің металы сол кездің өзінде сұранысқа ие болғанын дәлелдеп отыр.
Есік қорғанынан табылған Алтын адам тарихымыздың түп-тамыры сақтардан бастау алатынын дәлелдеді. Ұлттық тарихымызды жаңғыртумызға негіз болды. Осы мақсатта «Алтын адамның әлемдегі мұражайларға шеруі» атты жоба қолға алынды. Мақсат – шетелдік көрерменді ерте темір дәуірінің Еуразия Ұлы дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру. Қытай, Корея, Әзербайжан, Польша, Ресей елінде өткен халықаралық көрмені 200 мың адам тамашалаған. 
Алтын адамды әлемге таныту жобасы әлі де жалғасады. 2020 жылы мұндай көрмені АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия мұражайларында өткізу жоспарланып отыр.


Қазақстанның абыройын асырып, көркейтетін кейінгі ұрпақ біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәрбиелі болуымыз қажет.Әрбір адамның өзінің арманы-мақсаты бар. Менің де алыма қойған арман-мақсатым бар. Мектептен жақсы білім алып, одан әрі білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек ету. 
Мен әрқашан қазақтың асқақ арманы, елдігі мен еңбегі баянды болатынына сенемін. Өйткені, біз-жасампаз халықпыз!

Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Чернигов орта мектебі 
10 «А» сынып оқушысы
Аманжолова Баглан
Мұғалімі: Маныбаева А.З
Шығарма
«Ұлы Жібек жолы»
Жоспар:
I.Кіріспе бөлім. 
1. «Рухани жаңғыру-табысты ел болудың кепілі.»
2. «Еуразия құрлығы арқылы пайда болған көне дәліз...»
II.Негізгі бөлім.
2. «Ұлы Жібек жолының жолдары мен бағыттары.»
III.Қорытынды бөлім.
3. « Ұлы Дала Елі -жасампаз тарих елі »
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мақалада көтерілген негізгі идея тамырын тереңге жайған ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, жаңғырту болашаққа қадам басудың негізгі баспалдағы екенін, осыған орай ұлттық құндылытарды келешек ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің мәдени, тарихи,рухани құндылықтарымызды дамыта отырып, әлемнің озық жетістіктері мен жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіруіміз қажет. Бұл рухани жаңғырудың басты шарты болып табылады. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзі атап өткендей «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрді. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. 
Жібек жолы деcе- көз алдыма күн аcтында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер , алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енді.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы І бөлім бойынша Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт тармағындағы алтыншы қырында «Ұлы жібек жолы» жайлы сөз қозғалған . Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. Жібек жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып , XVI ғасырға дейін қызмет етті. Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып , мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.Бүкіл Еуразия арқылы саяхатаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес , жазушылар, жауынгерлер де , ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысқандардың бірі. Мысалға, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды.Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды, ал қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді.Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді.«Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енізген.Жалпы қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген.Көп жағдайда олар ауысумен жүріп , жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.
Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған , теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп те айтуға болады.Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда нығайды. Қытайдан шыққан кейбір керуендер солтүстік Тянь-Шань тауларына бағыт алып, Орталық Азияны кесіп өтіп, ары қарай Подсамудария , Хорасан арқылы Месапатамимен Жерорта теңізіне жеткен деп дерек көздерінде жариялаған. Осылайша Жібек жолы қатып қалған бір бағыттан тұрды деуге болмайды. Жүз жылдар бойы оның жолдары ауысып, керуен бағыттары өркендеді. Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өткен. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.
Елбасымыз бұл мақалада атқа міну мәдениетінен бастап, ежелгі «аң стилі» өнерін тілге тиек етеді. Ұлы Жібек жолы-біздің кең байтақ жерімізден өтіп, дүниежүзін байланыстырған әлемдегі өркениеттердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан жол еді. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне - Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды.
Тарихи сананы қайта жаңғырту аясында, бұл мақала баршамызға үлкен жауапкершілік жүктеді. Өткенімізді білмей, болашағымызға бір қадам жақындай алмайтынымыз анық. Сондықтан ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс жүргізу барысында ғана нәтиже береді. Олай болса, өзіміздің санамызды жаңғыртып, сол арқылы қоғамға әсер етудің уақыты келді. Ендігі біздің міндет- осы бастаманы ел болып қолдап, жүзеге асыру мақсатында аянбай еңбек ету. Сонда ғана қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар , Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенінімізді ұмытпауымыз қажет.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь