Бүгін, 12 ақпан күні, Кішкенекөл №1 орта мектебінде Өзін-өзі тану пәнінің 10 күндігінің аясында "Мирас" тобының 7 сынып оқушылары, мектеп тәлімгері Оспанова К.Ж. және Жастар бастамасын дамыту орталығының маманы Жапарова М.Б.- мен бірге, жалғыз тұратын қария Буян Елена Иосифовнаға үйінің ауласындағы қарды тазалап, көмек көрсетті. "Мирас" тобының жұмысы әлі де жалғасады.