ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өңірлерді қосу арқылы бейнеконференц байланыс режимінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.«Соңғы уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында білім беру ұйымдарының қабырғаларында да, одан тыс жерлерде де оқушылар арасында топтық төбелес, ұрып-соғу және қорлау жағдайлары жиілеп кетті. Өкінішке қарай, осындай жағдайлардың салдарынан Ақтөбе облысында бала қаза болды. Өңірлер бойынша 2017 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмаған балалар жасаған қылмыстардың саны Атырау облысында 39,6%-ға, Алматы қаласында 33,5%-ға, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында 18%-ға, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 11%-ға, Түркістан облысында 7,8%-ға өскені байқалады» делінген хабарламада. Посмотреть новость на сайте учреждения