Қызылша — жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады.
Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы орасан, сондықтан да, қызылша жұқпасының белгілерін оқушылар білу керек. Қаңтар айының 31 күні аудандық ауруханадан дәрігерлер Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясына келіп , оқушыларға қызылша ауруы жайлы лекция оқып, слайдтар көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызылша ауруын алдын алу мақсатында 8-9 сыныптарда «Қызылша деген не?» атты тақырыпта қазақ тілі және орыс тілінде диктант жұмыстары жүргізілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения