Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Құттықтаймыз!

   Мектебіміздің оқушылары туған тілін де, шет тілдерді де өте жақсы меңгерген, жаңашылдыққа жаны құмар азаматтар мен азаматшалар. Тілдерге деген қызығушылық олардың ой-өрістерін кеңейтіп, әлемге басқаша, тың көзқараспен қарауына ықпалын тигізбей қоймайды. Осы орайда атап кетер болсақ, мектеп-гимназия оқушылары түрлі қашықтық олимпиадалар мен интернет байқауларға қатысып, бақтарын сынап жүр.

          «www.ped.kz  Қазақстан ұстаздары» редакциясы мен «Talent Academy» ұжымының қолдауымен 2019 жылдың 10-19 қаңтар аралығында қашықтықтан өткізілген  Республикалық дарынды оқушылар байқауына мектебімізден 6 оқушы қатысып, бәрі де жүлделі орындарға ие болды.  Байқау шарты бойынша оқушылар «Болашаққа жол»,  «Қазақ асханасы», «Әлемнің жеті кереметі» деген тақырыптарда эссе мен шығарма жазып, нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиетінен 10-сынып оқушысы Дәуренбек Аяжан ,  7«А» сынып оқушылары Байгулина Амина мен Аяганова Мерей І орынды иеленсе, 7 «Ә» сыныбының оқушысы Каметхан Темірлан ІІ жүлделі орынға қол жеткізді. Жетекшілері: Мухамеджанова Б.С., Алинова А.А., Темербаева А.К. Сондай-ақ орыс тілінен 5«А» сынып оқушысы Валеева Ақбота және ағылшын тілі пәнінен  5«А»  сынып оқушысы Мейрам Ғазиза    ІІ орындарды қанжығаларына байлады. Жетекшілері: Мамырханова А.В. және Мустафина Г.С.

          Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тапты. Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда. Алдағы уақытта үштұғырлы тілді меңгеру – еркіндіктің, бостандықтың, тәуелсіз ел ұландарының бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті дара тұлға екендігінің кепілі.







 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь