«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Бүгін, 13 желтоқсан күні, мектебімізде Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында мектепішілік «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Оқушыларды ұйымға қабылдау рәсіміне мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасарлары Утепова Асия Бахиджановна, Утельбаева Акбидай Нурахметовна және мектеп директорының тәрбие - ісі бойынша орынбасары Жакенова Райхан Хабдрашитовна, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасшысы Ахметова Малика қатысты.