13 қараша күні, "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" он күндігінің аясында, 8 сынып оқушыларының арасында "Салауатты өмір салтын қолдау" атты іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушыларға салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік берілді.