8 қазан күні мектеп директоры Балтабаев М.Ж. жиналыста мектеп ұжымын жолдаумен таныстырды. Сыныптарда жаңа жолдау бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 11 қазан күні ЦМИ бірлесе Кішкенекөл № 1мектепте « Отан қорғаушы - 2018» әскери патриоттық следі өтті. Аталған іс -шараға ауданның үш мектебі және Ауылшаруашылық колледжі студенттері қатысты,АӘД пәнінің мұғалімі Ерденбаев А.А жауапкершілікпен өткізді. Мектеп дәлізінде « Қазақстан Президенті Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауы» атты стенд жаңартылды. Сонымен қатар мектеп кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылды. 12 қазан күні тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларымен « Жастар –ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.