«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты онкүндік туралы ақпарат
04-13.10.2018ж аралығында Бидайық орта мектебінде «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты онкүндік өтті.Онкүндік барысында «Қыз өссе-елдің көркі...» атты тәрбие сағаттары,екі сыныптан біріккен «Шаңырақ» сағаттары өтті. Әлеуметтік ұстаз Ескендирова Г.С. ұйымдастыруымен «Жыныстық дамуыңа ден қой!» атты 7-11 сыныптардың қыз балалары арасында үйретілім танымдық сағаты өтті. «Қыздарым-ұлтымыздың мақтанышы» 7-10 с қыздары арасында өткен сайысқа «Жарық жұлдыздар» және «Ару қыздар» қыздар топтары өте жоғары дайындықпен қатысты. Жеңіске «Жарық жұлдыздар» тобы жетті. Топтарды жарысқа дайындаған ұстаздар:Шайсултанова А.М, Нурпеисова Г.Н. АӘД жетекшісі Мажитов Н.М қыздар арасында «Мерген» сайысын ұйымдастырды.Аға тәлімгер Омарова Г.Б. ұйымдастыруымен 5,6- сынып қыз балаларымен «Сырласайық!» атты дөңгелек ұстел ұйымдастырылды.Барлық іс-шаралар қыз балалардың құқықтарын қорғауға, оларға қолдау көрсетуге, мәселелерін шешуше бағытталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения