Ұстаздар күніне орай Бидайық орта мектебінің оқушылары «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік концертін әзірледі. Сонымен қатар мектеп парламенті барша ұстаздарға құттықтау сәтін ұйымдастырды. Өзін-өзі басқару күні оқушылар мен ұстаздар үшін есте қаларлық күн болды. 10-11 сынып оқушылары жауапкершілікпен,қызығушылықпен атқарды.Кәсіподақ тарапынан ұжымдағы барлық ұстазға сыйлық тапсырылды. Ардагер ұстаздар мерекелік шараға арнайы шақырылып сыйлықтар тапсырылды.