Мамырдың 18-сі күні ауданымызда отбасылық «Толағай» спорттық сайысына тәрбиеші Жулдыз Адильбековна және Аязбековтар отбасы қатысты. Спорттық сайысқа бар қайрат жігерін жұмсап, спорттың қай түрін болмасын, өз дәрежесінде көрсетіп, алға ұмтыла білді. «Аязбековтар» отбасы «Толағай» отбасылық спорттық сайысына белсене қатысқаны үшін марапатталды. Тәрбиеші Жулдыз Адильбековна да белсенділік танытқаны үшін марапаттау құрметіне ие болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения