Бүгін сәуірдің 27-сі күні Уәлиханов ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Астананың 20 жылдығына арналған және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында аудандық «Бала тілі-бал» байқауын өткізді. Осы байқауға Бидайық орта мектебінің 1-сыныптан бес оқушы мен сынып жетекшісі Нургазина Ш.А. «Жалын» командасы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОМҒА ие болды. Осы байқаудан кішкентай бүлдіршін оқушылар аудан көлемінде алғашқы жетістікке жетіп, жүлдегер атанғандарына қатты қуанды. Мұндай шығармашыл оқушылардың жетер биіктері көп болсын демекпін.
Нургазина Ш.А.
Посмотреть новость на сайте учреждения