2018 жылдың 6 сәуір күні , "Абай, Қадыр"оқуларының аудандық кезеңі өтті. Бұл іс- шара бірнеше номинациясында болды. Бидайық мектебінен сайысқа төрт оқушы қатысты, барлығының еңбегі марапатталды. " Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы", "Сөздің бәрі құдіретті" атты жатқа оқу конкурсында, жүлделі ІІ орынға, 6 сынып оқушысы Абұлхайыр Мөлдір ие болды. Жетекшісі Каркошева М. Т. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", " Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" атты номинациясында ІІ орынға ие болған, 8 сынып оқушысы Амантаева Айнұр. Жетекшісі Каркошева М. Т. Эссе жазу сайысына қатысқан, 10 сынып оқушысы Фазылова Әйгерім , ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Тукеева А. А. "Көңілім әнді ұғады", "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр манда" атты конкурсына, 9 сынып оқушысы Қайыркен Арайлым қатысып, Грамотамен марапатталды. Жетекшісі Ескендірова Г. С.