"Терроризм. Экстремизм. Діни ағымдар" атты әңгімелесу
16 наурыз күні, мектепте, 7-11 сынып оқушылар аралығында : "Терроризм. Экстремизм. Діни ағымдар" атты әңгімелесу өтті. Әңгімелесу тақырыбын таңдап, өткізген әлеуметтік педагог Ескендирова Г. С. және тарих пәнінің мұғалімі Искаков Д. С. Әңгімелесу барысында оқушылар қазіргі заманда бүкіл әлемге қауіп тудыратын мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісті. Видео көріп, онда көтерілген әлемдік проблемаларға , өз көзқарасын білдірді. Бұл отырысты қорыта отырып, оқушылар өздерінің білімдерін тек білім саласында ғана емес, одан басқа мәдениет, діни және саяси мәселелерді жақсы білу керектігіне көздері жетті.