"Менің өлкем жаңа ғасыр белесінде" атты облыстық ғылыми - практикалық конференция
2018 жылдың 28 наурыз күні Кішкенекөл № 1 орта мектебінде Уәлиханов ауданының 90 - жылдығына арналған " Менің өлкем жаңа ғасыр белесінде" атты облыстық ғылыми - практикалық конференция өтті. Конференцияға Бидайық орта мектебінен 9 сынып оқушылары Зенда Аягөз бен Камаш Гүлім, 3" б" сынып оқушылары Мовсесова Эвелина, Сатыбалдин Акежан, Оспанов Ислам және Оспанова Диляра қатысты. Конференцияда өздерінің жоба жұмыстарын қорғап, барлық балалар ІІ орындарға ие болып, Дипломдармен марапатталды. Жетекші мұғалімдері Сатыбалдина А. С. және Ескендирова Г. С.