Наурыздың 19-ы күні Чернигов орта мектебі жанындағы "Балбөбек" шағын орталығында тәрбиеші Павлючек З.Т ұйымдастыруымен "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында балалардың тақпақтары, өлеңдері мен билері шырқалып, салт-дәстүрден "Бесікке салу", " Тұсау кесу" рәсімдері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналып, ата- аналарының дайындалған дастархандарынан ұлттық тағамдар сыйға тартылды