. «Қыздарға әсемдік жарасады...» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты:
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу, әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
Сайысқа 5-10 сынып арулары мен жігіттері қатысты. Сайыста жігіттер аруларды өлең арқылы таныстырып, ісмерлік өнерін көрсетті. Аруларымыз ана тақырыбына мақал-мәтел айтып жарысты, шаш үлгісін жасады, би биледі. Барлық қатысушылар номинация бойынша мараптталды. Бас жүлдеге 5 сынып оқушылары Құттымбет Зүлхижжа және Өміржан Елдар қол жеткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения