5 наурыз күні бастауыш сыныптар аралығында «Аяулы ана, Ару қыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сайысқа әр сыныптан бір анасымен қызы қатысты. Ару қыздар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Барлық қатысушылар байқау шарттарына жақсы дайындықпен келді. Аналары қыздарына макияж жасап, қыздары аналарына әдемі шаш үлгісін жасады. Әділқазылар шешімі бойынша жеңіске 3 «А» сынып оқушысы Олжасқызы Мариям және анасы Бакиева Айгерім қол жеткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения