20 қараша күні "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында шығармашылық сайыс өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары " Бұл әлем неткен керемет!" тақырыбында суреттер көрмесін әзірлеп, безендірді. 5-8 сыныптар, яғни орта буын оқушылары «Рухани жаңғыру» эмблемасын безендіру жұмысымен айналысты. Жоғарғы сынып оқушылары, 9-11 сыныптар "Бір шаңырақ астында" тақырыбы бойынша коллаж бен қабырға газеттерін безендірді.