Чернигов орта мектебінің жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында «Алтын күз» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға күз туралы түсінік беру. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып, табиғаттың әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балалар ертеңгілікке белсене қатыса отырып өз өнерлерін көрсетті. Олар өздері жаттаған әндерін,тақпақтарын және билерін биледі.