Әлемнің дамыған елдері қолданып жүрген латын әліпбиіне көшу - заман талабы. Латын әліпбиіне көшудегі ұтымдылық- тіл ауыспай ,тек таңбалар ғана ауысантығы, ана тілімізді сақтап қалуға мүмкіндік туғызады. Тілдің үш тұғырырлымығы мектеп қабырғасынан жүргізіп жүр, тек енді аса мән беріп оқытсақ халықаралық дәрежеге көтерілеміз. Бүл жаңартылған білім беру уақытында қажеттілік деп санаймын.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Каркошева М.Т.
Ел басының шешемін қолдап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет деп ойлаймын. Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда он жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде көп елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезде біз халық болып қолдауымыз керек.
Бастауыш сынып мұғалімі: Нургазина Ү.М.
Шынымен де, бүгін біз өмір сүріп жатқан ел қуатты елге айналды. Сондықтан латын әліпбиіне көшсек, алдымызға қойған мақсатқа жету үшін үлкен ізденіс, мол еңбек табысқа қол жеткізу деген сөз. Елбасынын шешемін қолдауымыз қажет.
Бастауыш сынып мұғалімі: Нургазина Ш.А.
Латын алфавитіне көшу- күрделі және жауапты мәселе. Қазір қолданып жірген алфавит қазақ тілінің барлық дыбыстық ерекшеліктерін жеткізе алмайтынын ескере отырып, осындай реформа іске асырылып отыр. Бұл реформаны халқымыз жақсы қабылдайды деп үміттенемін.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Ескендирова Г.С.
Посмотреть новость на сайте учреждения