Бидайық орта мектебінде 9 ақпан күні «қол өнер» үйірмесінің жетекшілері Шарипова А.Е Шайсултанова А.М ұйымдастыруымен қыздар арасында «он саусағы майысқан шебер болар қыздарымыз» атты сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайысқа «Еңбек» және «Еркетай» тобы болып қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең жас ерекшеліктеріне сай етіп құрылды. Әр топ өздерінің жұмыстарын көрсетіп, бір-біріне баға берді. Нәтижесінде «Еркетай» тобы 1-ші орынды, ал «Еңбек» тобы 2-ші орынды жеңіп алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения