9 ақпан күні ағылшын тілі мұғалімі Нуржанова М.К ұйымдастыруымен 4-ші сынып оқушылар арасында сыныптан тыс іс-шара , яғни «Ағылшын әлемінде» атты интеллектуалды ойын сабағы өтті. Сайысқа екі топ қатысты. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Ең алдымен өздерін таныстырып, топтын атын, ұранын атап кетті. Сонымен қатар жұмбақ шешу, кәнекей санайық, қысқа есімдер, сөздерді тауып ал , дыбыстарды тани біл атты кезеңдерден тұрды.1-ші топ «clever» 2-ші топ «brilliant» . Әр кезеңі қызықты, оқушыларға пайдасы зор болды. Оқушылар қызығушылығымен белсенді қатысты. Нәтижесінде «clever» тобы жеңіске жетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения