2017 жылдың қыркүйек айының жұлдызында елдің тыныштығын бір қатты «Көмектесіңдер, өрт!» деген дауыс бұзды. Бұл дауыс ауыл тұрғыны Айтмагамбетова Сусар апайдың дауысы екен. Үйінен өрт шығып, ол кісі қорыққаннан көмексұрап көшеге шығыпты. Сол кезде жолмен өтіп бара жатқан оқушылар: Барлыбаев Саян, Аверин Павел, Машан Аблайхан дереу көмекке келді. Жанып жатқан үйдәі алдында тұрған көмір қора ішіндегі көмір екен. Балалар барлық көмірді қопарып, үстіне су құйды. Өрт басылмай одан сайын лапылдап жана берді. Балалар оған қарамастан көмір қораны бұзып ішіндегі жатқан көмірді жан-жаққа шаша бастады. Таза ауаға шыққан өрт күшейіп барады екен. Соны көрген ауыл тұрғыны Ташенов Жанат ағамыз дереу «Юнайт Инвест» ЖШС-нен трактор сұрап өрт үстіне су құяды. Сөйтіп өрт болуына жол бермеді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей біздің мектеп оқушыларыбұл алғысқа марқайып қалды. Осындай ержүрек ұрпақты тәрбиелеп отырған ата-анасына да алғысымыз шексіз. Әрине мектебімізде және елімізде осындай мақтанарлық ержүрек, батыл оқушыларымыз көбейе берсін деген тілектеміз.