Бидайық орта мектебінің«Жасыл шырша жанында» атты даярлық сыныбы мен 1-сынып оқушыларына Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Мұнда балаларды жаңа жылмен құттықтап, мерекеге көңіл- күй туғызу мақсатымен жүргізілді. Ән орындау,би билеу,тақпақ айту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ертеңгіліктің бір ерекшелігі ата-аналар басынан аяғына дейін бірге қатысып, балалардың сүйіп көретін мультфильмін сахналай білді және оқушыларға бұл қызықты болды. Безендірілген зал мен мерекелік музыка оқушылардың көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына әсер етті. Екі сыныптың да дайындаған бірнеше билері өте жақсы көрсетілді. Түрлі ойындар ойнатылу арқылы оқушылардың жағымды әсер алуына себеп болды. Дегенмен, жылдан жылға үлкен күш салып дайындалған мерекелік іс-шаралардың бәрі де алдымыздағы оқушылардың көңілдерінен шықса екен деген мақсатпен өтеді. Әр балаға бақытты балалық шақ сыйлау біз үшін үлкен жетістік.
Посмотреть новость на сайте учреждения