Мектеп-гимназияда 5-11 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай «Үйлесімді отбасы –бақытты балалық шақ» атты апталық өтті. Апталықта оқушылар өз отбасы суреттерінен фото байқау ұйымдастырды. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен «Толағай» спорттық сайыс, орта буында «Отбасы – өмір аясы» атты сынып сағаты, жоғары сыныптарда «Бақытты отбасы – ол ...» дөңгелек үстел, «Менің жанұям» презентация жасау, «Менің тамаша отбасым» сурет байқауы өтті.