Бастауыш сыныптар апталығының «Шебер қолдар» атты күні өтті. Бастауыш сынып оқушыларының күз байлықтары арқылы түрлі жұмыстар жасауда шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатымен жүргізілді. Мұнда әр сынып оқушылары жеке, жұптық, топтық жұмыстарда белсенділік танытты. Жұмыс барысында оқушылардың қызығушылықпен жұмыс істегендіктері байқалды. Оны оқушылардың жасаған жұмыстарының нәтижесінен көруге болады. Оқушылар жұмыстарын аяқсыз қалдырмай, олардың алдағы уақытта белсенділіктерін арттыру мақсатымен көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмені тамашалай отырып, оқушылар өз жұмысына, бір – бірінің жұмысына баға бере отырып, жағымды сезімдерінің артқандығы байқалды. Сонымен, оқушылар күздің сыйын пайдалана отырып, түрлі жұмыстар жасай білді. Оқушылар жұмысы баршаның көңілінен шықты.
Посмотреть новость на сайте учреждения