Бүгін бірінші сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасадық. Мақсатымыз:оқушыларды кітапханамен таныстыру, оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білу. Кітапхана табалдырығын аттаған кезімізде бізді осы ошақтың меңгерушісі Гүлбахыт Бекманқызы құшақ жая қарсы алды. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті-деп саяхатты бастап кетті. Алдымен кітапхана ішіндегі тәртіп ережелерімен таныстырды. Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді деп түрлі балаларға арналған көркем әдебиеттермен таныстырып, сонымен қатар қызықты журналдар тізімін көрсетіп, оқушыларды қызықтыра алды. Балаларды бірдей түсте тізіліп тұрған бірнеше томды кітаптар қызықтырып, түрлі сұрақтар қойылды. Олжасқызы Інкәр «Абай жолы» романының басын біраз оқығанын айтып балаларды таң қалдырды. Осындай қызықты әрі пайдалы кітапханаға саяхатымыздан оқушыларымыздың бойында кітапқа деген қызығушылық тудырғандарын көруге болды.
Сынып жетекшісі: Нургазина Ш.А.Посмотреть новость на сайте учреждения