Бала – Жанұяның Айнасы. Баланың Бас Ұстазы – Ата-Ана” – ток-шоу тележоба бойынша пікірталас өнеге сағаты .
Мақсаты:
Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
….Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздердің назарыңызда және бағдарламаны жүргізетін, мен –Жексенбайқызы Салтанат. Бүгін біз сіздермен ата-аналарға да, ұстаздарға да ортақ мақсат –бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғаймыз.Бала тәрбиесінде балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің қайсысы маңызды? бала тәрбиесі баршамызға ортақ алайда осы міндетті қалай атқарылуды? Осы бір көкейдегі сұрақтар төңірегінде ойталқы жасамақпыз.«Баланы ата- ана тәрбиелейді. Ата ананы кім тәрбиелейді?» Сондықтан баланың дамуына отбасында да,балабақшада да бірдей жағдай
жасалуы керек. ….деп қыркүйектің 29ы күні тәрбиеші Иманахметова Солтанат Жексенбайқызы ата аналармен пікірталас ток-шоу өткіздім.
Ситуациялық сұрақтар.
Сауалнама «Сіздің өміріңізде бала тәрбиесі қандай орынға ие»
Бейнематериалдар көрсетіліп алғашқы сауалымды Хаукенова Ырысты сізге қоямын.Осы бейнематериялдан қандай ой түйдіңіздер?
-Бұл бейнематериялдағы айтылған ойлардың барлығы дұрыс. Біз де баланы тәрбиелегенде осы айтылған кеңестерді әрдайым жадымызда ұстауымыз керек деп ой түйдім- деген жауаптар болды.
Студия қонақтарына сұрақ
Сұрақтардың мақсаты: отбасындағы балаға деген ата анның қатынасының стилін анықтау. Мектепке дейінгі балалық шақ» - жеке тұлғаның денсаулығы және дамуы қалыптасатын адам өміріндегі ерекше кезең.Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға (ата-ана, педагог) тәуелді болады. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, әлеуметтік, эмоцияналдық проблемалар келешекте қиындықтарға әкеліп соқтырады.
«Білім туралы» Заң мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің Типтік ережесіне сәйкес, балабақшаның алдында тұратын ең негізгі міндет -«Баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен қарым-қатынасқа түсу».
Посмотреть новость на сайте учреждения