Қыркүйек айында ҚР халықтарының тілдер мерекесіне арналған апталықта іс-шаралар жоспарланып жүргізілді. 18- күні «Тіл-достықтың құралы» тақырыбына салтанатты ашылуы өтті. Ашылуы барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, әндер шырқады. ҚР Ассамблеясы, халықтардың тілі туралы мәлімет, Латын тіліне көшудің маңызы туралы ақпараттар презентацияларда көрсетілді. «Өзге тілдің бәрін біл...» атты кітапханада көрме ұйымдастырылды. 19- күні «Ата-баба қорғап қалған ұлан –байтақ өңірім» атты ұранмен Искаков Д. С және Каркошева М.Т Қожабек әулиенің басына оқушыларды апарып қайтты. Неліктен әулие аталғанын, оңың маңызы туралы тарихқа көп қатысты мәліметтер айтты. Оқушылар жағымды әсер алғанын жеткізді. Сонымен қатар С.А. Жексембаева және А.А. Тукееваның жетекшілігімен «Жыр мүшәйрасы-жас қаламгер» атты 5-8 сыныптар аралығында үш тілде сайыс өтті. Нәтижесінде, 6-сыныптан- Амангелді Гулнұр, Касимова Тұрар, Абылқайыр Мөлдір, 5-сынып - Асылбек Айша, Илюбаев Алишер 8-сыныптан Аубакирова Мадина сынды оқушылар ақындықтарын жыр өрнектерімен безендіріп, өлеңдер шығарды. Жеңімпаздар мақтау қағазбен марапатталды. 20-күні ағылшын тілі мүғалімі М. Қ. Нұржанованың ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде» атты «Мақта қыз бен мысық» атты сахналық қойылым ағылшын тілінде бастауыш, орта буын оқушыларына көрсетілді. Барлық оқушылар сахналық киімдерін киіп,әртістік шеберліктерін көрсетті. 21-күні 9-10-11 сыныптар арасында орыс тілі мұғалімі С. М. Катаева «Қисынды грамматика» атты қызықты тапсырмалар құрастырып, үш тілде сынып болып орындауларын талап етті. Байқау қорытындысы бойынша 11-сынып- 1-ші орын, 10-сынып-2-ші орын, 9-сынып -3-ші орынға ие болды. Бала тілі-бал дегендей, балабақшада «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте!» атты тәрбие сағатын С. Ж. Иманахметова өте жақсы деңгейде өткізді. Бүлдіршіндер өзге тілдерде амандасып, мақал- мәтелдер айтты. Суреттерден әңгіме құрастырды. Тілдер фестивалі «Қазақстан- ортақ үйіміз» тақырыбында Г.С Ескендирова және М.Т. Каркошеваның ұйымдастыруымен қыркүйектің 22-сінде өтті. Әр сынып әр ұлттың киімдерін киіп, әр шаңырақ өз атауымен, ұранымен, биімен шығып, өнерлерін көрсетті . Қазақстанда тұратын ұлттар ынтымақтастығын көрсететін бұл іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес әр сыныпта «Тілім-баға жетпес байлығым» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.Посмотреть новость на сайте учреждения