Қыркүйектің 29-ы Бидайық орта мектебінде Ұстаздар мерекесіне орай шаралар легі жоспарға сәйкес өтті. 11-сынып оқушылары мектепте өзін –өзі басқару күнін жоспарлап жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мектеп оқушыларынан әкімшілік тағайындалып, пән мұғалімдері ретінде де жауапкершілікпен атқарып шықты. Оқушылар күшімен дайындалған мерекелік концерт ұстаздар көңілінен шықты.Әр шәкірттің тебірене айтқан ән-жырлары, тақырыпқа сай таңдалып,мереке сәнін әрлендіре түсті. Жүргізушілер 11-сынып оқушылары Сұлтан Санжар мен Казбекова Алема бағдарлама барысында ұстаздармен тартымды,қызықты ойындар да ойнатты.Мектеп ұстаздарына оқушылар ұйымы атынан мадақтама сертификаттар тапсырылды. Қазанның 2-сі өткен апталық жиын да «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения