Рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және үздік отбасылық дәстүрлерді жаңғырту,заманауи отбасыларды қолдау мақсатында «Үйлесімді отбасы- бақытты балалық шақ» атты апталық өтті. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру білім беру бағдарламасының негізінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отбасым-баға жетпес бақытым!» атты 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.Ерекше көпшіліктің көңілінен шыққаны «Жанұямдағы қызықты сәттер» көрмесі.Бақытты бала лықты паш ететін суреттер әр шәкірттің балалық шағының көрінісі іспетті. Балабақша тәрбиешілері «Толағай» отбасылық сайысында қызықты тапсырмалар беріп тартымды өткізді.Мектеп психологі Тлеукабылова З.М. «Мерекелік ашық хаттар» сайысын 5-11 сыныптар арасында дайындап, жеңімпаз атанған 10-сынып оқушысы Ибраева Толқын аудандық байқауға қатысты.Қолөнерден технология пәні мұғалімі Имаганбетов А.З, Шарипова А.Е «Сүйіспеншілік-барлық жолдардың қиылысы» тақырыбында ата-аналармен бірігіп істеген жұмыстарын көрмеге қойды. «Отбасыма арнаймын» атты жас ақындардың өлең шығару сайысына 8 ақын қатысты. Жеңімпаз 8-сынып оқушысы Амантаева Айнұр атанды.
Каркошева М.Т. заместитель директора по воспитательной работе
Посмотреть новость на сайте учреждения