Балалар - еліміздің болашағы және оның қандай болары Қазақстан Республикасының әрбір азаматына маңызды болуы керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебінде 2016 жылға 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығанда "Мектепке жол" жалпы қайырымдылық акциясы " Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету " ұранымен өткізілді. Акцияның мақсаты- оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармаудың алдын алуға бағытталған. Акция барасында 43 балаға көмек көрсетілді. Арнайы мектебімізде қабырға безендірілді.
Барлық ниет білдірушілер, жергілікті атқарушы билік органдары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, ұстаздар осы акцияға қолдарынан келген көмектерін аяған жоқ. Акцияға қатысқандары үшін алғысымыз шексіз.
Посмотреть новость на сайте учреждения