Экспо 2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар легі ағылуда. Солардың бір тобы біздің өңірден де барды. Дені - білімімен дараланған озат оқушылар. Арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары да бар. Жазғы демалыс кезінде көрмені тамашалауға Кішкенекөл №2 ішінара интернатт орта мектебінен 120 оқушы, 11 мұғалім және 1 дәрігер барды.
Астана қаласына келісімен оқушыларды таңғы асқа апарды. Кейін Елорданың мәдени орындарымен, көрікті жерлерімен таныстырды. Сағат 10 шамасында "Экспо-2017" көрмесін аралауға барды. Оқушыларға жан-жақты экологиялық тәрбие беріп, әрбір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүюге шақырып, адам мен табиғат әрқашанда егіз екендігіне көздері жетті.Қазақстан ұлттық павильоны ерекше әсер етті.
«ЭКСПО-2017 көрмесі болашақтың энергиясын көрсетіп қана қоймай, барша әлемге қазақты, тәуелсіз елімізді танытып отыр. Қонақтар қазақ ұлты, ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміз жөнінде көбірек білсе, бәріміз үшін абырой емес пе! Ендеше, көрме шетел үшін емес, алдымен өзіміздің ел үшін керек екен. Біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор деп білеміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения