Қыркүйектің 9-ы мектебімізде «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!» атты іс-шара өтті. Дене тәрбиесі мұғалімдері Мухамедьяров Д.Б, Шайсултанов А.Б. және АӘД жетекшісі Мажитов Н.М бұл іс-шараға жетекшілік етті. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Сағ 9.00.-де барлық мектеп оқушылары мен ұстаздар саптық жиынға тұрып, салтанаты түрде ашылуы ұйымдастырылды. Гимннен бастау алған іс-шара шәкірттерді елжандылыққа шақыруды мақсат етті. 8-сынып оқушылары денсаулық тақырыбына арналған ұрандар тастады. Таңғы жаттығудан соң «Ерке қыз» бишілер тобының жетекшілігімен барлық қатысушылар флнш-мобқа қатысты. Жүргізілу ережесімен таныстырылған соң «Арқан тартыс», «Баскетбол», «Қол күрес» ойындары өтті. Таңғы кроссқа ұстаздар мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Каркошева М.Т. заместитель директора по воспитательной работе
Посмотреть новость на сайте учреждения