9.00- ден 9.30-ға дейін балаларды қабылдап, таңғы жаттығу жасадық. Бүгін барлығы 15 бала келді. Таңғы жаттығудан ұлдар мен қыздар өзара «Қара жорға» және басқа да би түрін билеп, сайысты. Тіпті кішкентай бірінші сыныптың оқушылары да қалмай, биледі. Жақсы билегендерге сыйлық берілді.
10.30 балалар таңғы ас ішуге кірісті. Бүгін «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің соңғы күні болғандықтан, қоштасу концертін ұйымдастырдық. Балалар түрлі билер, әндер, ойындар ұйымдастырды.
І – ауысымның 15 күні артта қалды. Балалар аздап мұңайды. Бірақ лагерьдегі іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін мадақтамалар берілгеннен кейін көңіл күйлері жақсарды.
«І ауысым аяқталса да, алда әлі екі ай жаз күтіп тұр ғой. Демаласыңдар, қыдырасыңдар, саяхатқа шығасыңдар. Лагерьдегі қызықты сәттерді ұмытпай, жазда жақсы демалып, келесі оқу жылы кездескенше!» деген сөздермен балалармен қоштастық.
Орындаған: Тәрбиеші Исакова М.В.
Посмотреть новость на сайте учреждения