Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ 09.06.2017ж. (1 ауысымы)

 
Лагерьдің бүгінгі күні балаларды қабылдаудан басталды. Барлығы 13 бала келді. Балаларды қабылдап алғаннан кейін, таңғы жаттығуға кірістік. Кешегі күн балалар үшін тым әсерлі болған соң, «Менің қызықты сәттерім» тақырыбына әңгімелестік. Балалар  өзінің ең қызықты сәттері туралы баяндап берді. Қалаға барған кездерін, аквапаркка барған кездерін, ондағы өздерінің көңіл-күйлері жайында айтып берді. Канафина Анель Астана океанариумға барғаны туралы айтып берді. Үлкен акуланы көрген кезде қатты қорқып қалғандығын да айтып берді. Бірақ оған өте ұнады, «Тағы барғым келеді!» деді. Осындай әңгімеден кейін балалар таңғы ас ішті. 11.00 – 11. 30 уақыт аралығында балалар алдағы өнер сайысына дайындалды. 11.30 – 12.30- ға дейін «Біз бақытты балдырған» атты өнер сайысы өтті. Балалар жақсы дайындалып келіпті. Канафина Анель домбырамен күй тартты.

Ал Кейбір қыздар би биледі. Какеш Эльнара «Ақ мамам» атты ән айтты. Ұлдар кішкене ұялып, өлеңдер оқыды. Өте қызықты болды. Әділ-қазылар  ешкімді ретжітпеу үшін балаларға түрлі номинациялар беріп, мадақтамалар тарту етті.

 12.30 – 13.00  оқушылар кітап, журналдар оқыды. Кейбір балалар танымдық мультфильм  қарады.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь