08.06.2017 ж
09.00 – 09.30 аралығында балаларды қабылдау уақыты болды. Бүгін барлығы 14 бала келді. 9.30- 10.00 уақыт аралығында таңғы жаттығу өткізіп, «Спортпен шұғылданайық» атты баяндама оқылып, түрлі сұрақтар қойылды. Балалардың көбісі спортпен шұғылданады екен. Мысалы, Мамирова Даяна валейбол ойнын жақсы көреді. Бірақ әлі кішкентай болған соң, бұл ойынды дұрыс ойнай алмайды. Ал ұл балалар қыста коньки теуіп, хоккей ойнайды. Осыған орай біз барлық балалармен далаға шығып волейбол ойнадық. Артқа жүгіру, бір аяқпен секіріп жету, т.б. эстафета өткіздік.
Осыдан кейін 10.30 – 11.00- де балалар таңғы ас ішті. 11.00 – 11.30 – «Ойнайық та ойлайық» қызығушылықты арттыратын ойындар ойнадық. Оның ішінде «Сымсыз телефон», «Сұраққа жауап бер», «Жұмбақты шеш» ойындары да болды.
Содан кейін далаға шығып, мектеп алаңында серуендедік. Табиғатты бақыладық. 12.30 – да қайта сыныпқа кіріп, «Кітап әлеміне саяхат» жасадық. Оқушылар қызықты кітаптар оқыды. Арасында мен оларға лагерьде болған қызықты хикаяларды оқып бердім. Біраз демалып, 13.00-де барлық балалар үйге қайтты. Бүгінгі күн балалар үшін өте әсерлі болды. Олар көп ойнап, шынықты. Қатты шаршады. Бірақ соған қарамастан олар көңілді болып кетті.
Орындаған: тәрбиеші Исакова Мария Викторовна
Посмотреть новость на сайте учреждения