Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ 07.06.2017ж. (1 ауысымы)

07.06.2017 ж.

 

09.00 – 09.30 аралығында  балаларды қабылдау уақыты болды. Барлығы 15 бала келді. Сап түзеп, ұран  айтылды. Кейін таңғы жаттығу өткізілді. 10.00 – 10.30 уақыты аралығында «Жолда абай бол!» атты баяндама оқылды. Бұл баяндаманың негізгі мақсаты оқушыларды жолда қандай ережелерді сақтау керектігі туралы білімдерін кеңейту  еді. Баяндамадан кейін оқушылар табиғатқа байланысты суреттер салды.  Таңғы ас ішіп, саяхатқа шығуға дайындала

бастадық. Барлық балалар қауіпсіздік ережесіне қол қойып, айтылған талаптармен келісті.

Ауа райы өте ыстық болды. Сондықтан жақын маңындағы шағын орманға бардық.

Балалар түрлі жемістер, тағамдар, сусындар әкелді. Дастарқан жайып тамақтана бастадық. 

Содан кейін орманды аралауға шықтық. Орманда итмұрын бұтағы өсіп тұрды.  Балалар оның гүлдеріне таң қалды. Кейбір балалар итмұрынды ешқашан көрмеген екен. Ағаштардың арасына тығылып, жасырынбақ ойынын ойнадық. Балалар бір-бірін қуалап ойнады. Кейбір балалар тіптен шаршап жерге төсеніш төсеп, күннің астында демалып жатты. Құстарды бақылап жатты. Бір ағаштың арасында құстың ұясы болған еді. Балалар құстың ұясын бұзуға болмайтынын біліп, оған тиіскен жоқ.  Кішкене ойнағаннан кейін, тамақтануды жалғастырды.  Оқушылар үйге қайтқысы келмей, тағы қалайықшы деп өтінді. Бірақ үйге қайтатын уақыт болғандықтан, барлығымыз жиналып үйге кеттік.

Балалар үшін бұл жай саяхат емес, танымдық саяхат болды. Менің бақылауымша, олар табиғатты өте жақсы көреді. Табиғатты аялай біледі. Менің ойымша, бүгінгі саяхаттың ең бастысы сол болды.

Орындаған:       тәрбиеші Исакова Мария Викторовна


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь