02.06.2017ж
Келесі күні «Достаса білейік» атты лагерьге балаларды қабылдау күні өткізілді. Лагерьге барлығы 15 оқушы келді.
Оқушыларды лагерьдің күн тәртібімен таныстырдым.
9.00-9.30 - ға дейін балаларды қабылдап, музыканың сүйемелдеуімен таңғы жаттығу жасатылды. Кейін «Баламен бірге жазғы демалыста» атты баяндама оқылып, сол баяндамаға қатысты сұрақтар қойылды. Көптеген балалар қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Осы баяндама ата –аналарға тікелей қатысты болған соң балалармен бірге ата – аналарды шақырдым.
Содан кейін «Тымпи-тымпи, тым-тырыс», «Қуыршақ» сияқты ойындар ойнадық. Ойындар ойнағаннан кейін оқушылар асханаға шақырылды. Жеңіл тамақтанып алып, сап жинап, мектеп алаңына серуендеуге шықтық.
Менің байқауымша, оқушыларға лагерьде жүргендері өте ұнаған сияқты. Барлық балалар үйлеріне жақсы көңіл күйлерімен қайтты.
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Исакова Мария Викторовна
Посмотреть новость на сайте учреждения