01.06.2017ж
«Күншуақ» лагерінің бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттің негізгі мақсаты барлық балаларды құттықтай отырып, балалық шақты қадірлеуге, ұмытпауға талпындыру және келген ересектерге балалық шақтарын еске түсіруге көмектесу еді.
Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Одан кейін оқушылар балалық шағы туралы өлеңдерін оқыды. Кейін оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін», «Күмбірлеген домбыра», т.б. әндер айтты. Екі түрлі флешмоб биледі.
«Батпақ», «Сәлемдесу», т.с.с. көптеген қызықты ойындар ойнатылды. Оқушыларға бұл ойын өте қатты ұнады.
Осы концертте «Балбұлақ» шағын орталығының бүлдіршіндері туралы да ұмытылған жоқ. Олармен «Шәркей», «Кәмпитті қағып ал» деген ойындар ойнатылып, көңілдерін көтердік.
Ата-аналар да балаларға өлең жолдарын оқып, өз тілектерін білдірді.
Концерттік бағдарлама аяқталған соң барлық балалар тәтті үстелге шақыртылды.
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Исакова Мария Викторовна
Посмотреть новость на сайте учреждения