"Болашаққа ақ жол" атты түлектермен қоштасу кеші 12.06.2017 жылы өтті. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Сайткен М.Н-ұлына беріліп, түлектерге ақ жол тілеп аттестаттарын табыс етті. Келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріліп , түлектерге жылы лебіздерін жаудыртты. Оқу ісінің меңгерушісі Сатимова Б.К. үздік оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Рыскелдин С.Ш. түлектерді мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды , ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, түлектерге ақ жол тіледі.