9 маусымда Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында Бидайық орта мектебінің оқушылары үшін «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты әңгіме жүргізілді. Бұл күннің тарихы мен маңыздылығы туралы көрсетілген бейнефильмде балалар ауыр жұмыста еңбек етіп жүргендері туралы кадрлар көрсетілді. Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Балалар еңбегін қанау мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді.
Әр бала туғанынан отбасында өмір сүріп, тәрбиеленуіне құқылы, өз ата-анасын білуге құқылы, олардың қамқорлығына және тәрбиесіне құқылы.
Балалар «Бақытты балалық шақ» атты аппликация және ойыншық жасап, аулада ойнады.
Посмотреть новость на сайте учреждения