Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданы Қаратал негізгі мектебінің «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстардың жылдық есебі.
Қыркүйек айында мектептегі «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары жасалып бекітілді. «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндеттерімен таныстырылып,парламент мүшелері,мектеп Ұланбасы сайланды.(13оқушы,7мұғалім қатысты) . Биылғы оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының Ұланбасы және парламент мүшелері ашық дауыс беру арқылы сайланды.Парламент мүшелерінің және тәлімгердің басқаруымен «Анамның тілі-айбыным менің»тәрбие сағаты,құрбан айт мерекесіне байланысты әңгіме,«Қариясын ардақтаған ел-ардақты»атты қарттарға көмектесу айлығы, ұстаздар күніне арнап«Ұстазым,менің,ұстазым» атты мерекелік концерт өткізілді,іс-шараға 5,9 сынып оқушылары атсалысты. «Арайлы, алтын күз» күзгі балл мерекесі ұйымдастырылып өткізілді ,оған мектепалды даярлық тобының ,1-8 сыныптар оқушыларының топтары қатысты,кеш өте қызықты,мазмұнды болды.Топтар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Ұл ұятымен,қыз қылығымен ардақты» атты қыз балалар тәрбиесінің ерекшелігіне байланысты жеке әңгіме өткізілді.Қазан айында оқушыларға «Заңды білген жөн екен» деген тақырыпта лекция оқылды.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты мерекелік іс-шара, «25 жұлдызды күн» өтті.Күзгі демалыс кезінде ауа райы- ның салқындауына байланысты «Сақтықта қорлық жоқ» деген тақырыпта қауіпсіздікке қатысты әңгіме өткізілді. Сонымен қатар өзін-өзі басқару ұйымы сынып бөлмелерінің, оқушылардың жеке басының тазалығына жауапты,апта сайын оқушылардың күнделіктерін тексеріп,рейтингісін жасап толтырып отырады. «СПИД-ғасыр індеті», «Елбасымыз кемеңгер,көші түзу кемел ел» тәрбие сағаттары өткі зілді. Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне байланысты «Кел, Жаңа жыл ,біздерге қуанышыңмен» атты карнавалдық кеш 5-9 сыныптар аралығында өтті,барлық оқушылар белсене атсалысты.(20 оқушы,14 мұғалім,28 ата-ана қатысты).Жаңа жылдық аудан әкімінің шырша- сына 6-сынып оқушылары Хамет Дамелина «ЭКСПО» аруы, ал Ахметова Нұргүл «Көк туым менің» костюмдерімен қатысып ,ән мен биден өнерлерін көрсетті. Әділ қазылардың шешімімен Ахметова Нұргүл ІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықтарпен марапатталды. Қаңтар,ақпан айларында 5-9сыныптар- мен «Денсаулығыңды жасыңнан сақта», ал 8-9 сынып оқушыларымен,ата-аналарымен «Суицидтің алдын алу» жайлы әңгіме өткізілді. Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы оқушылармен тыңдалып талқыланды(20 оқушы,13 мұғалім). Қыз балалар тәрбиесіне байланысты «Қызым қызғалдағым» атты пікірлесу сағаты ұйымдастырылды.(8 қыз бала,тәлімгер, 3 сынып жетекші. ) 8-наурыз мерекесіне «Ана деп ән саламын» тақырыбында мерекелік концерт қойылды,ер балалар аналары мен қыздарға,ұстаздарына сыйлықтар ұсынды,құрмет көрсетті.( 20 оқушы, 14 мұғалім,22 ата-ана қатысты). Наурыз айында «Сақтансаң сақтаймын» деген атпен көктем мезгілі кезіндегі қауіпсіздік шараларына әңгіме өткізілді.Наурыз мерекесіне « Жыл басы-наурыз,мол болсын дәм –тұз» атты наурыз тойы өткізілді,сыныптар «Бәйшешек», «Бірлік», «Наурызым», «Ынтымақ» ауылдары болып,қазақтың салт-дәстүрлері,ән-билері,ұлттық ойындары бойынша өнерлерін ортаға салды. Мұғалімдер ұжымы сахналандырылған қойылым көрсетті.(43 оқушы,14 мұғалім ,2 тәрбиеші,27 ата-ана қатысты ). 1-мамыр мерекесінде «Халықтар достығы мәңгілік»,7-мамырда «Ер-елдің қорғаны» мерекелік концерттері ұйымдастырылды,ер азаматтар,болашақ отан қорғаушылар мерекелерімен құттықталды.9-мамыр-Жеңіс күнінде «Мәңгілік өшпес отты жылдар»деген атпен ескерткіш маңында митинг өткізілді.Өмірден өткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің рухтарына бағыштап ауыл имамы Жұмабек ағай құран оқыды.25 мамырда соңғы қоңырау салтанаты өтті,оған барлық оқушылар, мектеп бітіруші түлектер және 20 жылдық түлектер,ата-аналар,қонақтар қатысты.
Аға тәлімгер: Л.Қ.Бекжигитова .
Посмотреть новость на сайте учреждения