Мамырдың 25 күні Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебінде 1-11 сыныптарына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Құттықтау сөзі қадірлі қонағымыз аудандық маслихаттың хатшысы Қадіров Бауыржан Хамзеұлына берілді. Оқу жылын «Үздік» бітірген 1 сынып оқушыларының марапаттау рәсімі өтті. Құттықтау сөзі мен марапаттау рәсімі мектеп директоры Сайткен Медет Нұрғалиұлы және оқу ісінің меңгерушісі Омерзакова Елена Ивановнаға берілді. 10 сыныпты үздік бітірген оқушыларды марапаттау рәсімі оқу ісінің меңгерушісі Сатимова Баян Қайыргелдіқызына берілді.
11 сыныптың түлектері атынан арналған бүлдіршіндерге сый – қошемет көрсетілді.
Қонақтар биылғы «Алтын белгі» үміткер оқушыларымызға сәттілік тілеп, ұстаздардың үмітін ақтайды – деп сенеміз. «Алтын белгі» үміткерлері: Абдулова Альмира, Бейсембаева Адина, Абай Дінмұхамед, Нәби Гүлзат және үздік аттестат иегері Зеннатова Айжан ортаға шықты.
Алтын кілті қабылдаушы 2018 жылдың «Алтын белгі» үміткерлері: Ибрагимова Асель, Оралова Асель, Егимбаева Ажар, Кайргельдина Жанара, Қали Аружан және үздік аттестат иегерлері Голубцова Розанна, Төлеубеков Жандоспен 10 сынып оқушылары ант берді. Соңғы қоңырауды соғу құрметі «Алтын белгі» үміткері 11 б сынып оқушылары Абай Дінмухамед, Абдулова Альмира мен 1 а сынып оқушысы Есенеева Ясинаға берілді. Сонымен қатар көрермендер, қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертті ұйымдастырған 10 сыныптың оқушылары.
Посмотреть новость на сайте учреждения